2015 жылғы 26 ақпан, Астана қаласы
Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 192-бабының 6 тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай – ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы және Ауыл шаруашылығының жетекшілік ететін вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушы С.ОМАРОВ.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _______________ Б.СҰЛТАНОВ
18 наурыз 2015 жылы
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _________ Е.ДОСАЕВ
30 наурыз 2015 жылы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 7-1/142 бұйрығымен бекітілген
Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру, сондай - ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасауы (бұдан әрі-Қағида) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 192-бабының 6 тармағына сәйкес әзірленді.
Қағида зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру және ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орнын ауыстыру (тасымалдау) «Өткізу пункттерін салуға бірыңғай типтік талаптар туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 524 Кедендік одақ комиссиясының шешіміне сәйкес (бұдан әрі – Салуға бірыңғай талаптар) ветеринариялық бақылау құралдарымен жабдықталатын және құралданатын, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысымен бекітілген мақсаттар үшін ұсынылған өткізу пунктерінде немесе басқа жерлерде рұқсат етіледі.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары (бұдан әрі ВСБ лауазымды тұлға) қолдануына қарамастан бақылауға жататын тауарларды әкелу кезінде ветеринариялық бақылауды жүзеге асырады.
4. Бақылауға жататын тауарларды Кедендік одақ ішінде бір ел аумағынан басқа аумаққа әкелу, транзит кезінде, сонымен қатар орнын ауыстырған кездің барлық уақытында тасымалдаушылар ветеринария саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларымен және 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 Кедендік одақ комиссисының шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес экспорттаушы елдің құзыретті органдарымен берген ветеринариялық сертификатпен ертіп жүргізіледі.
5. Ветеринариялық сертификаттар Кеден одағының кедендік аумағына бақылауға жататын тауарларды әкелу кезінде орыс тілінде, сонымен қатар экспорттаушы елдің тілінде және/немесе ағылшын тілінде рәсімделген болуы керек. Ветеринариялық сертификаттардың бланкілері оларды бұрмалауды мейлінше қысқарту кейпінде жасап шығарылады (арнайы қағазды қолдану, су тамға белгі, типографиялық нөмірлердің болуы және басқа да қорғанудың тәсілдері).
Ветеринариялық сертификаттар қағаз бланкілерде рәсімделген, экспорттаушы елдің құзыретті органының лауазымды тұлғасымен қол қойылған және осы органның мөрі болуы керек. Ветеринариялық сертификаттың әрбір беті ветернариялық сертификаттың бірегей нөмірінен және екі күннен тұруы тиіс, олардың біріншісі парақтың реттік санын, екіншісі парақтың жалпы санын білдіреді, осы сандардың арасына «дан» сөзі қойылады.
Ветеринариялық сертификаттың мәтінінде сызып тастауды, басқа келісілген жағдайларды жүзеге асыратын немесе ветеринариялық сертификаттың нысанында қарастырылғандарда қоспағанда, түзетулерге жол берілмейді. Осындай өзгертулер экспорттаушы елдің құзыретті органының лауазымды тұлғасының қолымен және осы құзыретті органның мөрімен расталған болуы керек.
6. Кеден одағының кедендік аумағында ветеринарияда қолдану үшін дәрілік заттарды және жемшөп қоспаларын әкелу, тасымалдау және пайдалану олардың Еуразиялық экономикалық одаққа-мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – ЕАЭО мүше-мемлекеттер) уәкілетті органынымен тіркелген, Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында болуы туралы ақпарат жағдайында жүзеге асырылады.
ЕАЭО мүше-мемлекеттер ветеринарияда қолдану үшін дәрілік заттарды және жемшөп қоспаларын тіркеу қорытындыларын өзара мойындайды.
Дәрілік заттарды әкелу, тасымалдау сонымен қатар химиялық және микробиологиялық синтезді жемшөп қоспаларын әзірлеуші кәсіпорын беретін, олардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын алып жүру құжатына ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырады.
7. Әкелу, әкету және транзит кезінде бақылауға жататын тауарларға қатысты мынадай бақылау түрлері қабылданады:
1) құжаттамалық бақылау;
2) ветеринариялық-санитариялық физикалық бақылау.
8. Құжаттамалық бақылауға:
бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін растайтын құжаттарды;
бақылауға жататын тауарларды әкелуге (әкетуге) транзиттеуге рұқсаттың болуын;
берілген құжаттардың мазмұнын Біріңғай ветеринариялық талаптарға сәйкестігін тексеру кіреді.
9. Ветеринариялық-санитариялық физикалық бақылауға:
бақылауға жататын тауарларды тексеріп қарау және жануарларды қарау;
алып жүру құжатында көрсетілмеген бақылауға жататын тауарлардың болмауы және бірігіп орны ауыстырылатын тауарлардың бірге болмауы мақсатында, ұсынылған құжатта көрсетілген бақылауға жататын тауарлардың сәйкестігін тексеру;
көлік құралдарын бақылауға жататын тауарларды тасымалдау үшін қажетті белгіленген ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкестігін бақылау;
орнын ауыстыру (тасымалдау) режимін және жағдайын бақылау;
буылғанын және таңбаланғанын «Таңбалау бөлігінде тамақ өнімдері» Кеден одағының техникалық регламентін бекіту туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 881 кеден одағының Комиссиясы шешімінің белгіленген талаптарына сәйкестігін бақылау жатады.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орны ауыстырылатын бақылауға жататын тауарларды қолжетімді бөлігін тексеріп қарауға рұқсат етіледі.
Зертханалық зерттеулерге сынама алу (үлгілер) Еуразиялық экономикалық комиссияның 2014 жылы 9 қазанда № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардан (өнімдерден) сынама алу және объектілерді бірлесіп тексерудің бірыңғай тәртібі туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.
Тексеріп қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік ветеринариялық бақыланатын бақылауға жататын тауарларды тасымалдау кезінде біріңғай ветеринариялық-санитариялық бұзушылықтар туралы осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті акт жасалады.
10. ВСБ лауазымды тұлғасы көрсетілген бақылау түрін жүзеге асыру қорытындысы бойынша бақылауға жататын тауарларға қатысты келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
өткізу туралы;
қозғалысты тоқтату туралы;
әкелуге тыйым салу туралы;
кері қайтару туралы.
Бақылауға жататын тауарларға қатысты қабылданған шешім ВСБ лауазымды тұлғасымен ветеринариялық және тауар алып жүру құжатына осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті ветеринариялық қадағалау мөртабан қою арқылы рәсімделеді.
11. Кеден одағының кедендік аумағына бақылауға жататын тауарларды әкелу Еуразиялық экономикаляқ комиссияның 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардан (өнімдерден) сынама алу және объектілерді бірлесіп тексерудің бірыңғай тәртібі туралы ережесіне сәйкес, үшінші елдердің кәсіпорындар реестріне тіркелген экпорттаушы –кәсіпорындарға рұқсат етіледі.
2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бақылауға жататын тауарларды әкету кезінде ветеринариялық бақылау жүргізу тәртібі
12. Кеден одағының кедендік аумағынан бақылауға жататын тауарларды әкету ЕАЭО мүше-мемлекеттер және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ветеринария саласының уәкілетті органы берген әкетуге рұқсаты және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген, Ветеринариялық құжаттарды беру тәртібін және олардың бланкілеріне қойылатын талаптар қағидаларына сәйкес, ветеринария саласындағы уәкілетті органмен берілген ветеринариялық сертификаттары бар болғанда жүзеге асырылады.
13. Экспорттаушы импорттаушы-елдің ветеринариялық заңнамасының талаптарын сақтайды.
3. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы бақылауға жататын тауарларды әкелу кезінде ветеринариялық бақылау жүргізу тәртібі
14. Кеден одағының кедендік аумағына Кедендік одақтың комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдадағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне жататын бақылаудағы тауарларды әкелу, бақылауға жататын тауар әкелінетін аумақтың ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің уәкілетті органдары берген әкелуге рұқсаты және (немесе) үшінші елдерден Кедендік одақтың Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясысы кедендік аумағына тасымалданатын бақыланатын тауарларға Кедендік одақтың комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірде бекітілген № 607 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар үлгісіне сәйкес бақылауға жататын тауарға экспорттаушы-елдің құзырлы органы берген ветеринариялық сертификаттары болған жағдайда жүргізіледі.
15. Құжаттық бақылау аяқталысымен бақылауға жататын тауарларды тексеріп қарау жүргізіледі. Бақылауға жататын тауарларды өткізу пункті арқылы орнын ауыстыруды тексеріп қарау: бақылауға жататын тауарлардың (өнімдердің) бір партиясынан, еттің немесе балықтың он партиясынан тексеріп қарауға жататын, және елде жеке алынуы бойынша бақылауға жататын басқа тауарлардың жиырма партиясынан жиі емес жүзеге асырылады, ал жануарларды әкелу кезінде тексеру барлық партиясына жүргізіледі. Бұл ретте жануарлардың бірдейлендіру нөмірін (дене әшекейі, чиптер, құлақ сырғалар, таңбалар) ветеринариялық сертификатта көрсетілуімен салыстырады.
Бақылауға жататын тауарларды тексеріп қарау процессін жүргізген кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарының бұзушылықтар анықталған жағдайда алдағы уақытта әзірлеуші кәсіпорынның бақылауға жататын тауарларымен бес көліктік бірлікті тексеріп қарау қатарынан жүргізіледі.
16. Ветеринариялық бақылау қорытындысы бойынша осы Қағиданың 10-тармағына сәйкес тиісті шешім қабылдайды және алып жүру құжатына осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ветеринариялық қадағалау мөртабан қойылады:
«Тасымалдауға рұқсат», «Ветқадағалауға ұсыну», «Әкелуге рұқсат етілмеген» немесе «Тауарды кері қайтару», ВСБ лауазымды тұлғасы осылардың бірінен кейін өзінің тегін және аты жөнін көрсетіп, қол және мөрімен растайды.
Тауарды кері қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда осы Қағиданың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша декларация және жүкті кері қайтару туралы акт рәсімделеді.
17. Барлық қажетті деректер осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар экспорты және импорты өткізу пункттері арқылы тасымалдануын есепке алу жұрналына (бұдан әрі - Журнал) енгізеді.
18. Импорттаушы бақылауға жататын тауарларды Кеден одағының кеденді аумағына әкелу кезінде Кедендік одақтың ветеринариялық заңнамасының талаптарын сақтайды.
4. Кедендік одақтың кедендік аумағы аркылы транзиттелетін бақылауға жататын тауарларға ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі
19. Жанауарлар және жануар шикізаттарын Кедендік одақ территориясы арқылы транзитті ЕАЭО мүше-мемлекеттің уәкілетті органының транзитке рұқсаты арқылы, Кедендік одақ шекарасын кесіп өту ұйғарылғын өткізу пунктінде беріледі. Рұқсат қағазында сапар бағыты көрсетіледі.
20. Бақылауға жататын тауарларға өткізу пунктінде ветеринариялық бақылау сапасын және қауіпсіздігін анықтайтын құжат және (немесе) ветеринариялық сертификат ұсынылғаннан кейін жүзеге асырылады.
21. Құжаттық бақылау жұмыстары аяқталған соң жануарларды ветеринариялық қарау жүзеге асады, бұл ретте:
жануарлардың біредейлендіру номірлерін (таңбасын, чиптері, құлақ сырғалары, таңбалары және) вертеринариялық сертификатта көрсетілген нөмірлермен салыстырылып каралады;
тасымалдау жағдайын, жануардың жай -күйін және ары қарай тасымалдау мүмкіндігін тексереді.
Басқа бақылауға жататын тауарлар Кедендік одақтың кедендік территориясы арқылы транзиті тексерусіз жүзеге асырылады.
Бақылауға жататын тауарлар (жануарлардан басқасы) транзитін тексеру өткізу пунктіндегі шекара және кедендік мемлекеттік бақылау органдары шешімі негізінде немесе бақылауға жататын тауардың мәлімдемемен сәйкессіздігі туралы ақпарат түскен уақытта ғана тексеру жүргізіледі.
22. Бақылау нәтижесінен кейін ВСБ лауазымды тұлғалары тауар жүк құжатына және ветеринариялық сертификатқа Кедендік одақтың кедендік территориясына алып кіру кезінде Ережелердің 2-Қосымшасында көрсетілген: «Транзитке рұқсат берілді», «Транзитке рұқсат жоқ» және Кедендік одақтың кедендік территориясынан алып шығу кезінде «Транзит аяқталды» деген үлгідегі ветеринариялық қадағалау мөртабан қояды, оны мөрмен, өз қолы және аты- жөнімен куәландырады.
23. Барлық қажетті мәлімет Ережелердің 6-Қосымшасында көрсетілген үлгідегі мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын орын ауыстырылатын тауарларды (өнімдерді) өткізу пункттері арқылы транзитті тасымалдауды есепке алу журналына енгізіледі.
5. Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкессіздігі табылуына байланысты, қозғалысы уақытша тоқтатылған бақылауға жататын тауарларға ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру тәртібі.
24. Бақылауға жататын тауарлардың қозғалысын уақытша тоқтатқан ВСБ лауазымды тұлғасы, оның арғы қозғалысы (артқа қайтару) жайлы шешім қабылдамаған жағдайда, бақылауға жататын тауар иесі, межелі жер, экспорттаушы-мемлекет, ветеринариялық сертификат (немесе тауардың кауіпсіздігін растайтын басқада құжат) нөмері, көлік құралы түрін және тіркеу нөмерін көрсете отырып 3 сағат ішінде ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі-аумақтық бөлімше) электронды түрде электронды поштасына осы Қағиданың 7- қосымшасына сәйкес хабарлайды.
Бақылауға жататын тауарларды құрал-жабдық орнына орналастыру және ветеринариялық бақылау құралдарын Салуға біріңғай талаптармен сәйкес жабдықтау қажет.
Аумақтық бөлімше бақылаудағы тауардың уақытша тоқтатылғандығы туралы ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі-Ведомство) хабарлайды.
Уақытша тоқатылған бақылаудағы тауарлардың одан әрі орын ауыстыруы туралы шешімді Ведомство 72 сағат аралығында қабылдайды.
Бұл ретте ВСБ лауазымды тұлғасы мемлекеттік ветеринариялық бақыланатын бақылауға жататын тауарларды тасымалдау кезінде Біріңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар (бұдан әрі – Біріңғай ветталаптар) бұзылғаны туралы осы Қағиданың 8- қосымшасына сәйкес акт ресімдейді, ол тауар иесіне (экспедиторға), басқада мемлекеттік бақылау органдарына табысталады.
Қозғалысы уақытша тоқтатылған бақылауға жататын тауарлар туралы ақпарат Ережелердің 9-қосымшасында көрсетілген үлгіде өткізу пункттерінде ұсталған мемлекеттік ветеринариялық бақылауға жататын тауарлар (өнімдер)және олар бойынша қабылданған шешімдерді есепке алу журналына тіркеледі.
25. Ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздігін куәландырытын және шығу тегін растайтын құжаттары жоқ бақылауға жататын тауарлар 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 «Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі өкімі негізінде тауарлар иесі есебінен сараптама жүргізбей жоюға жатады немесе жүк жөнелтушіге (экспорттаушыға) (бұдан әрі - Жою (утильдеу) Қағидасы) қайтарылады.
26. Әкелуге рұқсат берілмеген бақылауға жататын тауарлар алып шығарылуы тиіс. Алып шығару бақылауға жататын тауарлар иесінің есебінен және Кедендік одақтың кедендік заңнамасын сақтай отыра жүзеге асырылады.
27. Бірыңғай ветеринариялық талаптарға сәйкессіздігі табылған бақылауға жататын тауарлар Кедендік одақтың кедендік территориясынан белгіленген мерзімде Кедендік одақтың кедендік территориясына алып кіру кезінде өткен өткізу пункті арқылы өту мүмкін емес жағдайда бақылауға жататын тауарлар Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес утильденеді немесе жойылады.
6. Кедендік одақтың кедендік аумағында жеке тұлғалар қол жүгі, багажы арқылы және
пошта жөнелтілімі арқылы алып кіретін бақылауға жататын тауарларға ветеринариялық бақылауды жүзеге асыру реті.
28. Бақылауға жататын тауарларды Кедендік одақтың кедендік территориясына жануарлардың, адам және жануарларға ортақ жұқпалы аурулары қоздырғыштарының кіруінен және ветеринариялық – санитариялық жағынан кауіпті өнімдердің айналымының жолын алу мақсатында Кедендік одақтың кедендік шекарасында автомобиль өткізу пунктерінде, ВСБ лауазымды тұлғалары жеке тұлғалардың өз қалауына пайдаланатын багаж, қол жүгі және пошта жөнелтілімі арқылы бір жеке тұлғаға шаққанда 5 килограммнан аспайтын дайындалған мемлекеті және тауар шығып келе жатқан мемлекеттің эпизоотиялық жағдайы қолайлы, зауыттық қаптамадағы тауардан басқа, үшінші мемлекеттердің рұқсатынсыз, ветеринариялық сертификатынсыз тауарларды кіргізбеу жұмыстарын ұйымдастырады.
7. Ветеринариядағы уәкілетті органы және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғаларының өзара бірлесіп әрекет ету тәртібі
29. Кедендік одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобильді өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары және ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының өзара бірлесіп әрекет ету жолдары:
1) шекарадағы, өткізу пунктіндегі өзара ортақ назардағы жағдайлар және мағұлматпен уақытылы бөлісу;
2) өзара автомобиль өткізу пунктерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау жұмыстары туралы ақпарды айқындау;
3) ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша бірлесіп шаралар жоспарлау және жүргізу;
4) бірлесіп ветеринариялық- санитариялық іс-шараларды өткізу үшін қалыптасқан жағдайға байланысты қажетті күш және қаржыны жоспар бойынша бөлу;
5) белгіленген тәртіпке сәйкес Брыңғай ветталаптарға сәйкес келмейтін бақылауға жататын тауарлардың ұсталуы туралы мәліметті хабарлау;
6) нақтылы мәселелерді шешу үшін және жергілікті іс жүзінде көмек көрсету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары және ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосының өкілдерінен құралған біріккен жедел (жұмыс) топтарын құру;
7) ақпаратпен алмасу реті, ұсталған бақылауға жататын тауарлардың алыс -берісі және басқада қызметтік сұрақтар бойынша бірлескен бұйрықтар, жоспарлар, нұсқаулықтар және сілтемелер басылымдарын шығару;
30. ВСБ лауазымды тұлғалары автомобильдерді өткізу пункттеріндегі ветеринариялық - санитариялық бақылау нәтижесі туралы мәліметтерді осы Ережелерге 1-9-қосымшаларында көрсетілген акт және Журналдарға уақытылы енгізуі керек.
31. Мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары мемлекеттік шекара арқылы өткен бақылауға жататын орыны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылы 25 ақпанда № 16-07/114 «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде тіркелген № 9342) бұйрығына сәйкес ай сайын Ведомствоға ұсынады.
Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасауы қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті органы/Уполномоченный орган________________________________________________
Мекенжай/Адрес _______________________________________
Телефон _____________________________
Электронды пошта/E-mail _______________________________
Ветеринариялық-санитариялық тексеру актісі/Акт ветеринарно-санитарного досмотра
№
«___» ________ 20____ жылы/год.
Осы акті дайындалды/Настоящий акт составлен
______________________________________________________________________________________
(қызметі Т.А.Ә. (бар болғанда)/должность, Ф.И.О. (при наличии))
Қатысуымен/в присутствии:______________________________________________________________
(Тұлғаның А.Т.Ә. қызметін көрсет/указать ФИО лица и должность)
Тауар иесі немесе тауар иесінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі/Владельца товара или представителя владельца товара действующего на основании доверенности ______________________________________________________________________________________
№_____________________ от «___» _____________ 20___ жылы/год.
себебі/в том, что в сағ/час _____. Мин/мин._____
Жүргізілген орны/Место проведения ______________________________________________________________________________________
Тауарға тексеру жүргізілді (қаралды)/Проведен досмотр (осмотр) товара ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Тауар ветеринариялық және жүк құжатпен келді/товар прибыл по ветеринарным и товаротранспортным документам
№ ________________________________ от «___» ________________20___ жылы/год.
Саны/В количестве _____ Орын (бас)/мест (голов) _____ салмағы/вес __________
Транспорт түрі/Вид транспорта___________________________________________________________
Шығарылған мемлекет (жіберілген)/Страна происхождения (отправления) _______________________
_______________________________________________________________
Жіберуші/Отправитель __________________________________________________________________
Мекенжайға барады/Следующего в адрес
______________________________________________________________________________________
(тауарларды өңдеу, сақтау немесе карантиндеу үшін арналған шаруашылық субъектінің мекен-жайы,
атауы /наименование, адрес хозяйствующего субъекта предназначенного для хранения или
переработки груза, карантинирования)
Мынандайлар анықталды/Установлено следующее:
/Тауар сәйкестігі/Соответствие товара
Тауарға ілеспе құжатпен/Товаросопроводительным
документам ___________________________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Транспорт құралының ішкі температурасы (контейнердің)/Температура внутри транспортного средства
(контейнера) ___________________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Тауар температурасы(жануарлар температурасы)/Температура товара
(термометрия животных) ________________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Органолептикалық көрсеткіштері/Органолептические показатели
______________________________________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Күні шығарылған/Дата выработки ________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Сату мерзімі (сақталу)/Срок реализации (хранения) _________________________________________
Буып түйілуі/Упаковка __________________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Таңба/Маркировка ______________________________________________________________________
(сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Транспорт құралының ветеринариялық-санитариялық жағдайы (контейнердің)/Ветеринарно-санитарное состояние транспортного средства (контейнера) ______________________________________________________________________________________ (сәйкес/ сәйкес емес/ соответствует/ не соответствует)
Басқа деректер (пломбы №, жануарлар ауруларының клиникалық белгілерінің жоқтығы, жануарлардың өлігі, басқа заттар)/Иные сведения (№ пломбы, отсутствие клинических признаков заболевания у животных, наличие трупов животных, посторонние вложения и)___________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Уәкілетті орган бөлімшесінің өкілі/Представитель подразделения уполномоченного органа
______________________________________________________________________________________
(қызметі, фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/должность, фамилия, имя, отчество (при наличии))
Қатысқан лауазымды тұлғалар/Присутствующие должностные лица
______________________________________________________________________________________
(қызметі, фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/должность, фамилия, имя, отчество (при наличии))
Шаруашылық субъектісінің өкілі (тауар иесі)/Представитель хозяйствующего субъекта
(владелец товара)_______________________________________________________________________
(қызметі, фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/должность, фамилия, имя, отчество (при наличии))
Акт үш данада дайындалады/Акт составляется в трех экземплярах
МО/бұрыштама/МП/штамп
Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасауы қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Ветеринариялық қадағалау мөртабанының үлгілері/
Образцы штампов ветеринарного надзора
Қолдану бойынша нұсқаулық/Указание по применению:
Мөртабан көлемі/Размер штампов: 60 мм х 30 мм.
Ветеринариялық қадағалау мөртабандарын дайындауда қолданылатын шартты белгілер/Условные обозначения, используемые при изготовлении штампов ветеринарного надзора:
Жоғарғы оң бұрышында белгіленеді – аумақтың коды және аумақтың кодында орналасқан үш таңбалышекаралық ветеринариялық пункттің коды/В правом верхнем углу обозначается - код региона и трехзначный код пограничного ветеринарного пункта, который располагается под кодом региона.
Мөртабанның жоғарғы жолында шекара және транспортта бақылау жүргізетін уәкілетті орган көрсетіледі/ В верхней строчке штампа указывается уполномоченный орган, осуществляющий ветеринарный контроль на границе и транспорте.
Жоғарғы сол жақ бұрышында Кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің бір шартты белгілері KZ./ В левом верхнем углу: одно из условных обозначений государств - членов Таможенного союза - KZ.
1 Мөртабан «Әкелуге рұқсат» - Тауарды (өнімді) әкелуге рұқсаты бар болғанда және Кедендік одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес болса Кедендік одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ілеспе құжатқа қойылады/Штамп 1 «Ввоз разрешен» - проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Таможенного союза на сопроводительных документах при наличии разрешения на ввоз и соответствии товара (продукции) ветеринарно-санитарным требованиям Таможенного союза.
2 Мөртабан «Әкелуге тиым салынады» - Уәкілетті органның әкелуге рұқсаты болмаған жағдайда және тауардың (өнімнің) Кедендік одақтың ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес болмаса Кедендік одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ілеспе құжатқа қойылады//Штамп 2 «Ввоз запрещен» - проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Таможенного союза на сопроводительных документах при отсутствии разрешения уполномоченного органа страны на ввоз или несоответствии товара (продукции) ветеринарно-санитарным требованиям Таможенного союза.
3 Мөртабан «Транзитке рұқсат етіледі» – Жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарды Кедендік одақтың кедендік аумағы бойынша транзиттеуге рұқсаты бар болса, тауардың (өнімнің) ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес және жануарларды қарау қорытындысы бойынша Кедендік одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ілеспе құжатқа қойылады/ Штамп 3 «Транзит разрешен» - проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Таможенного союза на сопроводительных документах при наличии разрешения на транзит животных и сырья животного происхождения по таможенной территории Таможенного союза, соответствии товара (продукции) ветеринарно-санитарным требованиям Таможенного союза и по результатам осмотра животных.
4 Мөртабан «Транзитке рұқсат етілмейді» - Жануарларды және жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттарды Кедендік одақтың кедендік аумағы бойынша транзиттеуге рұқсаты бар болмаса, тауардың (өнімнің) ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес емес және жануарларды қарау қорытындысы бойынша Кедендік одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ілеспе құжатқа қойылады/ Штамп 4 «Транзит запрещен» - проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Таможенного союза на сопроводительных документах при отсутствии разрешения на транзит животных и сырья животного происхождения по таможенной территории Таможенного союза, несоответствии товара (продукции) ветеринарно-санитарным требованиям Таможенного союза или по результатам осмотра животных.
5 Мөртабан «Жүкті кері қайтару» - Кедендік одақтың қауіпсіздігі бойынша әкелінген тауардың ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес емес жағдайда ілеспе құжатқа қойылады/ Штамп 5 «Возврат груза» - проставляется на сопроводительных документах при несоответствии ввозимого груза ветеринарно-санитарным требованиям Таможенного союза по безопасности.
6 Мөртабан «Ветқадағалауға ұсыну» - белгілеу орнына транспорттық көліктен жүк түсіру кезінде өткізк пунктінде толық тексеріп қарау шешімі болғанда Кедендік одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ілеспе құжатқа қойылады/ Штамп 6 «Предъявить ветнадзору» - проставляется в пунктах пропуска через таможенную границу Таможенного союза на сопроводительных документах, при решении в пунктах пропуска провести полный досмотр при разгрузке товара из транспортного средства в месте назначения.
7 Мөртабан «ҰСҚ түсіру (КО)» - тауарды рәсімдеу кезінде әкелінген тауарлардың қауіпсіздігі және сапасы бойынша күмән немесе ветеринариялық іліспе құжаттың ұзақтығына кідік туындаса (Кедендік одақ шегінде орны ауыстырылатын) Кедендік одақтың кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде ілеспе құжатқа қойылады/ Штамп 7 «Выгрузка в СВХ (ТС)» - проставляется на сопроводительных документах в пунктах пропуска через таможенную границу Таможенного союза, когда при оформлении товара выявляются сомнения в подлинности ветеринарных сопроводительных документов или подозрения по качеству и безопасности ввозимых (перемещаемых в рамках Таможенного союза) товаров.
8 Мөртабан «Транзит аяқталды»/ Штамп 8 «Транзит завершен».
ЕАЭО мүше мелекеттердің заңнамасына сәйкес өзге де мөртабандарды қолдануға рұқсат етіледі/Допускается применение иных штампов в соответствии с законодательством государств – членов ЕАЭС.
Зертханалық бақылауды қоспағанда, мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен мемлекеттік кірістер органдарының өзара іс-қимыл жасауы қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Жүкті қайтару туралы декларация/Декларация о возврате груза / Non-manipulation declaration*
А.Жүк сипаттамасы/ Описание груза / Consignment details
1. Тауар түрі/Вид товара / Consignment type
____________________________________________________________________________________
2. Шығарған мемлекет/Страна происхождения / Country of origin
____________________________________________________________________________________
3. Транспорт құралы/Транспортное средство / Means of transport
____________________________________________________________________________________
(авто көліктің, контейнердің № /№ вагона, автомашины/the number of railway carriage, truck,
container, flight-number, name of the ship)
4. Пломбының №/№ пломбы / Seal No ____________________________________________________________________________________
5. Орын саны/Количество мест / Quantity of goods ________ Салмағы/Вес / Weight______________
6. Таңбасы/Маркировка / Labelling
____________________________________________________________________________________
7. Ветеринариялық сертификат №/№ ветеринарного сертификата / Veterinary Certificate
No_________________________________________________________________________________
Берілген күні/Дата выдачи / date of issue _________________________________________________
8. Уәкілетті органмен берілген сертификат/Сертификат выдан компетентным органом / Issued by
Competent authority___________________________________________________________________
9. Жүк жөнелтілген ЕО соңғы мемлекеті/Последняя страна ЕС, из которой отправлен груз / Member
state in the EU from which consignment last ispatched
___________________________________________________________________________________
10. Жүктің ұсынылған құжатқа сәйкестігі/Соответствие груза представленным
документам / Consignment corresponds to documents
presented____________________________________________________________________________
(иә/жоқ/да/нет) (yes/no)
11.Транспорт құралы және тасымалдау режимінің сәйкестігі/ Соответствие транспортного средства
и режима транспортировки /Means of transport and regime of transportation meets the relevant
requirements___________________________________________________________________________
(да/нет) (yes/no)
Өтінішке/В. Заявление / Statement
Жоғарыда көрсетілген тауарларды қолдануға рұқсат етілмеген/Товар, упомянутый выше,
не разрешен к приемке в / The consignment mentioned above has been refused acceptance in
____________________________________________________________________________________
Импорттау кезінде кедендік одақтың мынадай ветеринариялық-санитариялық талаптар орындалмау себебі бойынша/по причине не выполнения следующих ветеринарных требований Таможенного союза при импорте / because it does not meet the following Customs union** veterinary import requirements:
___________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________
Я, государственный ветеринарный врач, подтверждаю, что возвращаемый товар,
поступивший на таможенную территорию Таможенного союза под пломбой №
___________________________________________________________________________________,
/The state veterinary inspector, confirm that the returned consignment which entered the customs
territory of the Customs union with the seal
No ________________________________________________________________________________,
оның жағдайын өзгертетін қандайда бір манипуляциялар жасалмады тасымалдау және сақтауды
қоса алғанда/не подвергался каким-либо манипуляциям, изменившим его состояние, включая
транспортировку и хранение / has not undergone any handling
altering its status including transport and storage.Жүк қайтарылған транспорттық құрал пломбаланды
№ /Транспортное средство, в котором возвращается груз, опломбировано
пломбой № _________________________________________________________________________
/ The means of transport which con